1.1 Осы пайдаланушы келісімінде, егер мәтіннен өзгеше туындамаса, келесі терминдердің төменде келтірілген мағыналары болады:
«DAR Lean онлайн-платформасы (Платформа)» – Интернет арқылы жұмыс істейтін, Құқық иеленушінің иелігіндегі, Пайдаланушыларға операциялық үдерістерді ұйымдастыруға және басқаруға, сондай-ақ Пайдаланушы қызметкерлерінің командалық жұмысын Платформа арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Платформада жұмыс істеуге арналған 5 модуль бар: өнімділік құралдары, үдерістер, жоспарлау, кадрларды басқару және есептілік.
«Құқық иеленуші» - «DAR Solutions» ЖШС, БСН 80640002352, заңды мекенжайы (нақты мекенжайы): Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22-үй, электрондық пошта мекенжайы:
info-kz@darlean.kz.
«Пайдаланушының жеке кабинеті» – Платформаның Пайдаланушыны тіркеудің нәтижесінде құрылған, оларды пайдалану арқылы Пайдаланушының Платформа функционалына қол жеткізуге мүмкіндігі туатын, Пайдаланушыға теңшелімдерді басқаруға, есеп жазбасын редакциялауға және Платформаның функционалдық мүмкіндіктерін оған берілген өкілеттіктерінің шеңберінде іске асыру үшін қажетті өзге іс-қимылдарды жасауға мүмкіндік беретін қорғалған беттерінің жиынтығы.
«Пайдаланушы» - Осы Келісімді оферта акцепті арқылы жасасқан, Платформаның сервистерін пайдаланатын, қажетті құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бар, және Пайдаланушының Жеке кабинетін құрған заңды немесе жеке тұлға.
«Серіктес» - Құқық иеленушіге пайдаланушы базасын құру, онымен жұмыс істеу, үлкейту, функционалды кеңейту, сондай-ақ Платформаны және басқа кез келген сервистерді Құқық иеленушімен жасасқан шарттардың негізінде қолдау, соның ішінде оның жұмыс үдерістеріне қызмет көрсету үшін қызмет көрсету мақсатымен тартылатын тұлға.
«Әкімші» - Пайдаланушының Жеке кабинетінде әкімшілік панельдік басқаруға Пайдаланушы уәкілеттік берген, теңшелімдерді басқару, есеп жазбасын редакциялау және Платформа мүмкіндіктерінің функционалын пайдалану үшін оған берілген өкілеттіктер шеңберінде жауапты жауапты тұлға.
«Құпиялылық саясаты» -Пайдаланушының деректерін, оған қоса Дербес деректерді жинау, пайдалану, сақтау, өңдеу, қорғау және олардың құпиялылығын қамтамасыз ету тәртібі мен шарттарын анықтайтын, сайтта
https://darlean.kz/kz/policy мекенжайы бойынша орналасқан осы Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылатын кез келген өзгертулерімен және толықтыруларымен қосқандағы құжат.
«Реферальдық сілтеме» – Әкімшінің Жеке кабинетте тіркелу және үлгіні толтыру арқылы есеп жазбасына өзгерту енгізу үшін Пайдаланушыға беретін Платформаға сілтемесі;
«Сервистер» - Пайдаланушылар үшін Платформа арқылы қолжетімді қызметтер мен құралдар.
«Ақпарат» - Пайдаланушының Платформаға жүктеген (орналастырған) графикалық жәнемәтіндік материалдары (соның ішінде пікірлер, мәтіндер және т.б.).
«Келісім» - Осы Пайдаланушы келісімі, оған қоса оған кез келген өзгертулер.
«Тараптар» - Құқық иеленуші, Пайдаланушы, Әкімші.
«Электрондық құжат» – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
«Электрондық цифрлық қолтаңба» («ЭСҚ») – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. ЭСҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығы (ҚР ҰКО) берген сертификаттарды пайдалана отырып жасалады және электрондық құжаттың заңдылығын растайды.